Жұма, 25.07.2025, 22:07
Қош келдіңіз Гость | RSS

Қайталау операторлары

Меню
Чат
Сауалнама
Сайттан қажетті материалдарды алдыңыз ба?
Барлық жауаптар: 81
Статистика

Онлайн: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

FOR операторы

           Циклдік құрылымды алгоритмді программалауда қайталанушы процесс бір айнымалының мәніне тәуелді болса, For операторын қолданамыз. Айнымалы тек бір қадамға ғана өзгере отырып циклді басқарыды. Бұл айнымалы циклдің параметрлі қайталану операторы деп аталынады. Санағышы бар параметрлі цикл операторы цикл қайталануын бақылайтын санағыштың алғашқы және соңғы мәндері алдын ала белгілі болған кезде ғана қолданылады.

For операторы алгоритмдік тілдегі параметрлі қайталану к

омандасына сәйкес келеді.

і үшін m1 бастап m2 дейін h қадам

Цб

Серия

Цс

For операторы екі түрлі жазылады:

А) for I:=A to B do

Begin

     …

    End;

Орындалу ережесі: Begin және End сөздерінің арасында жазылған операторлар I:=A, I:=A+1, I:=A+2,…,I:=B үшін орындалады. Мұндағы І цикл параметрі, А –параметрдің бастапқы мәні, В-параметрдің соңғы мәні.

For Х:=М1 to M2 do S1;

Мұндағы, қызметші сөздер: For(үшін), to(дейін) циклдің қадамы +1-ге өсіп отыратынын көрсетеді, do(орында);

Х- скалярлық типтегі айнымалы циклдің параметрі;

М1-цикл параметрінің бастапқы мәні;

М2-цикл параметрінің соңғы мәні;

S1-параметріне тәуелді қайталанып орындалатын оператор. Сондықтан, S1-цикл денесі деп аталады.

Б) For I:=A DOWN TO B DO

    Begin

    …

    End;

    Орындау ережесі: Begin және End сөздерінің арасында жазылған операторлар I:=A, I:=A-1, I:=A-2,…, I:=B үшін орындалады.

For X:=M1 down to M2 do S1;

1-нұсқадан өзгешелігі to сөзінің орнына down to (төменге дейін) қызметші сөзі жазылады. down to циклдің өзгеру қадамы –1 тең екендігін көрсетеді. Мұндағы Х –тің мәні М1- ден М2-ге дейін –1 қадаммен кему үшін М1>M2 шарты орындалуы керек. Егер бұл шарт орындалмаса цикл денесі бірде бір рет орындалмайды.

Егер, цикл денесі бірнеше оператордан тұрса, Begin және End операторлар жақшасын пайдаланамыз.

Параметрлі қайталану операторының жазылуына және орындалуына мысал келтірейік:


Оператордың жазылуы

  Нәтижесі

For k:=-1 To 6 do Write (x,’,’)

-1,0,1,2,3,4,5,6

For k:=3 To 3 do Write (x,’,’)_

3

For k:=1 To 9 do Write (x,’,’)

1,2,3,4,5,6,7,8,9

For k:=-1 To -6 do Write(x,’,’)

Цикл орындалмайды

For k:=10 down to 6 do Write(x,’,’)

10,9,8,7,6

For k:=0 down to –1 do Write(x,’,’)

0,-1

For k:=1 down to 16 do Write(x,’,’)

Цикл орындалмайды

 

     Қайталану санын келесі тәсілдермен анықтауға болады. Соңғы мән – алғашқы мән +1 – бірінші жағдай үшін;

Алғашқы мән – соңғы мән +1 екінші жағдай үшін. Мысалы:Р=1*2*,…*10 сандарының көбейтіндісін есептеу.

Program pr3;

Var i,P :integer;

Begin

P:=1;

For i:=1 to 10 do

P:=P*1;

Writeln (‘P=’,P);

Readln

End.


Кіру
Іздеу
Күнтізбе
«  Шілде 2025  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
Жазбалар мұрағаты
Сайт сілтемелері

Copyright MyCorp © 2025