Жексенбі, 13.07.2025, 00:50
Қош келдіңіз Гость | RSS

Қайталау операторлары

Меню
Чат
Сауалнама
Сайттан қажетті материалдарды алдыңыз ба?
Барлық жауаптар: 81
Статистика

Онлайн: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

WHILE операторы

WHILE операторы. Алдын ала берілген шарт бойынша қайталауды жүзеге асыратын бұл оператор WHILE (оқылуы: уаил,  аударылуы: әзірше) және DO (оқылуы: ду, орындау болып аударылады) түйінді сөздері қолданылып орындалады [18].

Жазылу пішімі мынадай:

WHILE <қайталану шарты>   DO <цикл тұлғасы>;

мұндағы қайталану шарты – диаграммада көрсетілген логикалық өрнек, цикл тұлғасы – қайталанып орындалып орындалатын қарапайым немесе қүрама оператор. Цикл әрбір орындалар алдында қайталану шартының мәні есептеледі, егер ол ақикат – true болса, цикл тұлғасы орындалады да, шарт қайта тексеріледі. Қайталану шарты жалған – false болса, циклді орындау доғарылып, while операторынан кейінгі жолдан атқарыла бастайды.

While операторы жан жақты басқару үйлесімі болып табылады. Алдын ала берілген шартты тексеру арқылы циклді ұйымдастыруға While операторы қолданылады. While операторын циклдің қайталану саны белгісіз болғанда пайдаланған ыңғайлы. Қайталанушы процесс қойылған шартты тексеру арқылы жүзеге асырылады. Яғни, шарт ақиқат болса цикл қайталанылады да, шарт жалған болса, циклден шығу орындалады. While операторы екі бөліктен тұрады: циклдің тақырыбынан және циклдің денесінен.

Жалпы жазылуы:

While  <шарт> do

           <циклдің денесі>;

While  <шарт> do

Begin

End.

 Мұндағы, Қызметші сөздерінің қазақша мағынасы: While –"әзір”, do –"орында”. Ал, шарт-логикалық өрнек түрінде жазылады.  Берілген шартқа тәуелді бірнеше рет қайталанып орындалатын операторды – циклдің денесі деп атаймыз. Орындалу ережесі: Begin және End сөздерінің арасында жазылған оперпторлар шарт ақиқат болғанда орындалады [19].

While  операторы алгоритмдік тілдегі "әзір” цикл командасына сәйкес "әзір” цикл командасының жазылуы:

әзір<шарт>

цб

<цикл>

цс

бітті.

While  операторында, әрбір қайталанудың алдында берілген шарт тексеріледі. Шарт ақиқат болса, цикл денесі орындалады. Егер, шарт орындалмаса, цикл денесі де бірде-бір рет орындалмайда [20]. Егер, цикл денесі екі немесе екіден де көп операторлардан тұрса, оларды операторлар жақшасының ішіне жазамыз.

While  <шарт> do

begin

<циклдің денесі>;

end;

While  операторында программалаушы циклдің өзгеру қадамын өзі тағайындап отырады. Егер әрекет белгісі "/” не тең болмаса немесе екінші сан да 0-ге тең болмаса, онда программаның орындалу процесінде бұл циклді айналып өтеді, яғни цикл бір рет  те орындалмайды. Программаны жүктеп, оның қалай жұмыс істейтін F7 пернесін қолдану арқылы тексереміз. Мысалы:

Z=Y3 функциясының мәнін есептеу керек, мұндағы Y=1,2,3,4,5,6,7.Программаның нәтижесінде Y-тің мәні мен сәйкес функцияның мәні кесте түрінде шығады. Y-тің өзгеру қадамы 1-ге тең.

 

Program pr1;

Var Z,Y: integer;   {берілген айнымалыны сипаттау}

Begin

Z:=1;{Y-тің бастапқы мәнін меншіктеу}

While y<=6 do {цикл тәуелді болатын шарт}

Begin

Z:=sqr(Y)*Y;  { Y –тің мәнін Z-ті есептеу}

Writeln ( ‘Y=’,Y,’___ Z=’,Z) ; { Y және Z  экранға шығару}

Y :=Y+1 ; { Y –тің өзгеру қадамы}

End ;

End.

Нәтижесі:

Y=1 !  Z=1

Y=2 ! Z=8

Y=3 ! Z=27

Y=4 ! Z=64

Y=5 ! Z=125

Y=6 ! Z=196

Y=7 ! Z=343

 

Кіру
Іздеу
Күнтізбе
«  Шілде 2025  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
Жазбалар мұрағаты
Сайт сілтемелері

Copyright MyCorp © 2025